БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Бүгін облыстық Кәсіподақтар орталығында ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның кәсіподақ ұйымының төрағасын, кәсіподақ комитетінің және тексеру комиссиясының мүшелерін кезектен тыс сайлау конференциясы өтті.
Жиында ең алдымен қатысушылар дауыс беру арқылы Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалығына мекеменің ұңғымалар пайдалану машинисті қызметін атқарып жүрген Болат Қалиевті сайлады. Ал, оның хатшысы болып Динара Длекешова бекітілді.
Содан кейін кәсіподақ комитетінің жаңа мүшелері және тексеру комиссиясының құрамы сайланды.

Your email address will not be published. Required fields are marked *