Қаладағы №101 орта мектеп жанындағы кәріз насос станциясы 2004 жылы салынған. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 1 152 м³/ құрайды. Аталған жүйе №54 «Шаухаманов» және №3 «Поликлиника» кәріз насос станцияларынан келетін сарқынды суларды қабылдайды. Станцияға қосылған тұтынушылар саны – 2341 абонент, 6 заңды тұлға, оның ішінде 3 әлеуметтік нысандар.

«Су жүйесі» кәсіпорны 2025 жылы инвестициялық бағдарлама аясында өз қаражаты есебінен аталған КНС-ке қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Жобаның құны – 86,7 млн теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша қайта жаңғырту жұмыстарының құны 81,2 млн. теңгені құрады.
Қазір қайта жаңғырған станция қалыпты деңгейде жұмыс істеуде.





