Бүгін ШЖҚ «Су жүйесі» МКК-нің басшысы Жасұлан Абатов мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Болат Қалиевпен және ұйым мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында жұмыскерлердің әлеуметтік мәселелері және еңбек құқығы тұрғысындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, жиында ашық пікір алмасу өтіп, ұжымдық келісімшарттың маңызы және кәсіподақ ұйымының алда атқаратын жұмыстары қаралды.

Мұндай кездесулер кәсіподақ пен еңбек ұжымы арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсаттарға бірлесе жетуге ықпал ететіні анық.






