Комплаенс-офицер – ол басшылық, қызметкерлер және қоғам арасын байланыстырушы буын. Яғни, оның қызметі ерекше орын алады.
Бүгін ШЖҚ “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның комплаенс-офицері Талғат Қайқыбеков кәсіби этика мәдениетін, сенім мен ашықтық қағидаттарын дамытуға да бағытталған кездесу өткізді. Ол ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын түсіндіріп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың есебін жасады.

Айта кету керек, өткізіліп тұратын осындай оқыту семинарлар, кеңестер мен ашық талқылаулар және кездесулер адалдық пен жауапкершілік стандарттарын ортақ түсінуге ықпал етеді






