Кәсіпорын туралы

  • Home
  • Кәсіпорын туралы

«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның тарихы  және қазіргі таңдағы жағдайы

 Қызылорда қаласының ауыз су мен кәріз жүйелері шаруашылығы 1962 жылы құрылған.

Құрылған жылы мекеме теңгерімінде 28 шақырым ауыз су жүйелері, 17 көше бойында орналасқан  су тарату колонкалары, бірінші және екінші көтерілімдегі бас тоған ғимараттары, 14,0 мың кубометр болатын көлденең су тұңдырғыш,  4,0 мың текше метрлі  таза су қоймасы, уақытша типтегі хлоратор, бу қазандығы, 1260кВт трансформаторлы подстанциясы  мен 3,7  шақырым кәріз жүйесі болған. Халыққа ауыз суды Сырдария өзенінен залалсыздандыру әдісімен тұңдырғыштарда суға хлор ерітіндісін қосу арқылы берілген.

1968 жылы Тасбөгет кентіндегі бас тоғанда өнімділігі 22,5 мың текше метр  су сүзгілеу стансасы салынып пайдалануға берілді.

1969 жылы мекеменің әкімшілік ғимараты мен өндірістік базасының құрылысы Желтоқсан көшесі 156 мекен жайда салынды, бүгінгі күні осы жерде өндірістік база мен кеңсе орналасуда.

1975-1985 жылдар аралығында жалпы 122,7 шақырым ауыз су жүйесі, оның ішінде 22,86 шақырымы су өткізу құбыры, 86,04 шақырым ауыз су таратушы құбыр, 13,8 шақырым ауларалық ауыз су жүйесі мен 80 дана ауыз су тарату колонкалары пайдалануға берілген.

Ал кәріз жүйесі нысандары бойынша 27 канализациялы насосты стансалар мен 102,0 шақырым кәріз жүйелері пайдалануға беріледі. Сол кезде мекемеде жұмысшылар саны 150-ге дейін өскен.

Қала халқының өсуімен қатар жаңадан тұрғын аудандар қосылып өркендеді.

1982 жылы ауыз су тапшылығы мәселесімен ауыз су ұңғымаларын бұрғылау керектігін айқындап, «Степь», «Арай» аймағында  барлығы 18 ұңғыма  бұрғыланып пайдалануға берілген.

Мысалға, 1998-2000 жылдар аралығында «Мұнайшы», «КБИ»,  «Тасбөгет», «Комсомол»  аудандарының ауыз су жүйелері мен кәріз су жүйелері қосылды. Осы жылдарда мекеме теңгерімінде жалпы 235,8 шақырым ауыз су жүйесі,  201,78 шақырым кәріз су жүйесі, 56 ұңғыма және 41 кәріздік насосты стансалары болған.

2004 жылдан бастап бүгінгі атауы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны болып аталды.

         Бүгінгі күні 84 ұңғыма арқылы тәулігіне – 86 мың м³ ауыз су, қысым 2,2 атмосферамен таратылуда;

      Кәсіпорын 89 122 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның  ішінде:

  • Жеке тұлғалар – 84 585 (шамамен 279 650 адам) тұтынушы.
  • Бюджеттік мекемелер – 256 тұтынушы.
  • Заңды және өзге де тұтынушылар – 4 961 тұтынушы.

Қазіргі таңда мекеме теңгерімінде:

  • Бас тоған су тазарту станциясы (жалпы жобалық қуаттылықтары тәулігіне 56,5 мың текше метрді №2 су сүзгілеу станциялары); құрайтын №1 және
  • 117 жер асты ауыз су ұңғымалары (84 жұмыс жағдайда, 31 жөндеуде, 2 резервте) оның  6- Қызылорда, 111 – Қызылжарма кен орнынан.
  • II-ші көтерілімдегі 11 насос станциялары:
  • су қысымын көтеруге арналған 7 насос станциялары:
  • ауыз су жүйелері 984,4 км;

–  кәріз жүйелері 455,1 км;

–  кәріздік насос станциялары – 67;

–  Сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясы – қуаттылығы тәулігіне 70,0 мың текше метр (2024 жылдан бастап «Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру» жобасымен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде);

– Модульді биологиялық тазарту станциясы- қуаттылығы тәулігіне 6,4 мың текше метр.